10:54, 24 Ақпан 2017 | GMT +5
Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін тағы бір жерлесіміз Юлия Галышева фристайлдан Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтынды сыйлады. Ол фристайлдың жұп могул жарысында чемпион атанды.
Сондай-ақ, жарыстың бұл түрінен ерлер арасында тағы бір отандасымыз Дмитрий Рейхерд қола медальді жеңіп алды. Осылайша бүгін фристайлшыларымыз қоржынымызға 1 алтын 1 қола медаль салды.
фото: Данияр Майлыбаев