Қазақстан крипторезервтен 200 млн доллар инвестициялады
АСТАНА. KAZINFORM — Жалпы көлемі 700 млн долларды құрайтын Қазақстанның ұлттық крипторезервінен қазірдің өзінде шамамен 200 млн доллар инвестицияланды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов айтты.
Оның айтуынша, былтыр крипторезервке 350 млн доллар бөлінген, ал биыл оған тағы 350 млн доллар бағытталған. Дегенмен, қаражат толығымен инвестицияланған жоқ. Портфельді Ұлттық банктің еншілес ұйымы — Ұлттық инвестициялық корпорация басқарады. Қаражат активтердің әр түріне бөліп орналастырылады.
— Бүгінде шамамен 200 млн доллар көлемінде қаражат инвестицияланды деп ойлаймын. Бұл инвестициялар негізінен криптонарықтардағы өтімділікті басқаратын түрлі хедж-қорларға бағытталды, — деді Бинұр Жаленов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәлихатында.
Бұл ретте ол бүкіл сома бір ғана криптовалютаға салынбайтынын атап өтті.
— Басқаша айтқанда, бұл тек бір ғана криптовалюта емес, нарық жағдайына қарай биткоин, Solana және басқаларын қамтитын криптовалюталар жиынтығы. Біздің басты мақсатымыз – жай ғана бикоин ұстап отыру емес, ең тартымды әрі табыс әкелетін активтерді таңдау», – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысының орынбасары
Жыл басында Қазақстан Ұлттық крипторезервке 700 млн долларға дейін инвестиция салатынын жазған едік.