Қазақстан криптовалюта өндіру бойынша көшбасшылар қатарында

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Криптовалюта - белсенді өнім, ашық және халықаралық нарық. Қазақстандықтар үшін беймәлім дүние емес. Мұндай пікірді Төртінші өнеркәсіптік революция үлестес орталығының басшысы Павел Коктышев «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Спикердің сөзінше, Қазақстан криптовалюта өндіру көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарында.

«Криптовалюта әлемнің кейбір елдерінде төлем құралы ретінде қолданылса, енді бір жерде актив ретінде пайдаланылады. Адамдар оны сақтап, қайта сата алады. Мәселен, Қазақстанда бұл активтердің генерациясы өткен жылы орын алды, ол шамамен 18 пайызды құрады. Бұл белсенді өнім, ашық халықаралық нарық. Қазақстандықтар үшін беймәлім дүние емес. Сондықтан біздің елде де маңызды рөл атқарды. Әрине, бұл нарық тез дамып келе жатқандықтан, ойын ережесін құру маңызды болды. 1 қаңтардан бастап елімізде цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, цифрлық майнинг қызметін дамытуға қатысты заң күшіне енді»,- дейді Төртінші өнеркәсіптік революция үлестес орталығының басышысы Павел Коктышев.

Айтуынша, бұл цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастыруға, осы салаға шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасын дамытуға ықпал етпек.

«Мысалы түскен салық денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымына бағытталуы мүмкін. Майнинг қана емес, жалпы барлық цифрлық сала мен технологиялар, кез келген AІ жоба оңтайландыруға ұмтылатынын түсіну өте маңызды. Оның салық арқылы қаржы әкелетінін ұмытпауымыз керек. Ал мемлекеттің әлеуметтік толық портфелі салықтан қалыптасады»,- деді спикер.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов аталмыш салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың да айтарлықтай қиындықтарға тап болғанын айта кетті.

«Алайда биыл біз оң үрдістерді байқап отырмыз. Мемлекет саланың даму үрдістеріне түсіністікпен қарайды. Бұл әуелі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаның алғышарттары. Біздің қауымдастық үкіметпен және АХҚО-мен жұмысты биыл да жалғастырады», - деді ол.

Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасауға жағдай жасай отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екеніне сенімді. Қауымдастық өз тарапынан білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қарастыра бастады. Себебі нарықта криптотрейдерлер мен алаяқтардың көбеюіне байланысты азаматтарды сауаттандыру қажет.

«Көптеген елдерде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» халықаралық форумы өтіп жатыр.


Фото: fasthash.io


Соңғы жаңалықтар