Қазақстан кубогы үшін жарыста "жетісулықтар" жеңді
АЛМАТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда әйелдер командалары арасында өткен Қазақстан Кубогы жарысының ақтық финалында "жетісулықтардың" мерейі үстем болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жартылай финалда өткен жылғы ел кубогының күміс жүлдегері Павлодардың "Ертісін" 3:0 есебімен ұтқан жарыс қожайындары ақтық сында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Онда биылғы Қазақстан кубогы жарысында бірде-бір рет жеңіліс таппаған "жетісулықтар" өткен жылғы жетістігін қайталап, кубогты өздерінде сақтап қалды. Бұған дейін ширек финалда да жеңілістің ащы дәмін татқан "алматылықтар" ақтық ойында да қарсыласының осал тұсын таба алмай 3:0 есебімен (25:19, 25:17, 25:21) ұтылды. Ал 3-4 орын үшін болған тартыста "астаналықтар" "Ертіс" волейболшыларынан 2:3 (25:21, 25:27, 25:27, 25:18, 11:15) есебімен басым түсті. Былтыр да Астана қаласының "Астана қанаты" командасы 3-ші орыннан көрінген болатын.