Қазақстан кубогы: Ұзындыққа секірудің үздіктері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы аясында ұзындыққа секіруден жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сында ерлер арасында Оңтүстік Қазақстан облысының атлеті Владимир Потоцкий (7,08 м) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Алексей Пономарев (6,92 м) ие болса, үздік үштікті Қарағанды облысының атлеті Александр Киселев (6,87 м) түйіндеді.

Әйелдер арасында бас жүлдені қарағандылық Мария Овчинникова (5, 63 м) қанжығасына байласа, «күмісті» Алматы қаласының атлеті Марина Хусейнова  (5,61 м) жеңіп алды. Қола медаль маңғыстаулық атлет Надежда Кирностың (5, 58 м) еншісінде.

Соңғы жаңалықтар