Қазақстан кубогы: Жеңіл атлеттер арасында алғашқы үздіктер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында орналасқан Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінің алғашқы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кубогы: Жеңіл атлеттер арасында алғашқы үздіктер анықталды

Назарларыңызға жарыстың бірінші күнгі нәтижелерін ұсынамыз.

Сырықпен секірудің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Әйелдер:
1. Анастасия Ермакова (Алматы) - 3.70;
2. Яна Тойбаева (Алматы) - 3.60;
3. Адель Бекбауова (Алматы) - 3.20;

Ядро серпуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Әйелдер:
1. Екатерина Нестерова (Қарағанды обл.) - 13,61 м
2. Ольга Хижнякова (Шығыс Қазақстан обл.) - 11,91 м
3. Надежда Кирнос (Маңғыстау обл.) - 11,68 м.

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Әйелдер:
1. Елизавета Астафьева (Солтүстік Қазақстан обл.) - 7.10,78 мин.
2. Лада Фомина (Солтүстік Қазақстан обл.) - 7.45,78 мин.

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

Ерлер:
1. Жасұлан Әбелов (Оңтүстік Қазақстан обл.) - 6.05.83 мин.

60 метрге жүгіру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Әйелдер:
1. Рима Кашафутдинова (Қарағанды обл.) - 7,40
2. Виктория Зябкина (Алматы) - 7,54
3.Әйгерім Шыназбекова (Алматы) - 7,73.

Фото kazathletics.kz