Қазақстан кубогын «Шахтер» мен «Тараз» сарапқа салады

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Андрей Финонченко мен Александр Симчевичтің соққан доптары қарағандылық «Шахтерді» футболдан Қазақстан кубогының финалына алып шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстан кубогын «Шахтер» мен «Тараз» сарапқа салады

Павлодарда өткен алғашқы матчта «кеншілер» жергілікті «Ертіске 0:1 есебімен жол берген болатын. Сондықтан өз алаңында салған жерден лап берген қарағандылықтар сапында 38-минутта капитан Андрей Финонченко есеп ашты. Екінші таймда негізгі уақыт аяқталуға бес минут қалғанда Симчевич қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогының финалы 10 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ел кубогын қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» сарапқа салады. Ойынды KazSport телеарнасы көрсетеді.