Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойынында «Ертіс» «Шахтерден» жеңісті жұлып алды

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңінің бірінші ойынында павлодарлық «Ертіс» командасы қарағандылық «Шахтерден» басым түсті, деп хабарлайды vesti.kz порталы.

Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойынында «Ертіс» «Шахтерден» жеңісті жұлып алды

Павлодардың Орталық стадионында өткен жарыс 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда алаң иелері басымдылық көрсетті, бірақ, Талғат Байсуфиновтың ойыншылары есепті аша алмады. Екінші тайм тең жағдайда өтті, ал жарыс соңында Виктор Кумыковтың жігіттері басымдау көрінді, бірақ есеп ашылмады.

Ойынның шешуші кезеңі қосымша уақыт берілгенде келді. Алғашында «кеншілер» алға шықты, бірақ Игорь Зеньковичтің қақпа сызығынан соққан добын Павлодар командасының қорғаушылары тоқтата алды. «Ертістің» футболшылары қарсы шабуылға шығып, өрнекті ойын көрсете білді. Ғафуржан Сүйімбаевтан доп алған Павел Шабалин өз мүмкіндігін пайдалана білді.

Бұл командалар арасындағы екінші жартылай финалдық ойын 30 қазан күні Қарағандыда «Шахтер» стадионында өтетінін атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, Қазақстан Кубогы ойындарының тағы бір жартылай финалында «Тараз» және «Ақтөбе» командалары тең ойнады.