Қазақстан кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық кезеңінде бақ сынасатын командалардың жұбын анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады sports.kz.

Қазақстан кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды

Жеребе тарту қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» өзара мықтыны анықтайды. Ал, «Ақтөбе» мен «Астана» бұл кезеңнің келесі жұбы деп танылды.

Ақтық сынға жолдаманы сарапқа салатын айтулы бәсекенің алғашқы кездесулері 16 тамызда өтетін болды. Ал, қарымта кездесу 24-25 қыркүйекке жоспарланып отыр.