Қазақстан Кубогының жеңімпазы анықталды
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Алматының «Қайраты» футзалдан Қазақстан Кубогының жеңімпазы болды», - деп хабарлайды alasharena.kz.
Элиталық раундтың ақтық матчтында «Қайрат» қарағандылық «Тұлпарды» жеңді, есеп - 7:4. Ойынның негізгі уақытында есеп тең - 4:4 болды. Бірақ экстра-таймда қайраттықтар ұтып кетті.
Осылайша «Қайрат» жаңа маусымда өзінің алғашқы жүлдесін алды. Үшінші орын үшін ойында жаңаөзендік «Өзенмұнайгаз» рудныйлық «Аятты» 8:3 есебімен жеңіп қола медаль алды.