Қазақстан құқық қорғау жүйесін енгізуге қатысты Орталық Азия елдерінің арасындағы көшбасшы болып саналады ? ЕҚЫҰ/АҚДИБ
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов басқарған қазақстандық делегация Польшада ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институттар бюросының (ЕҚЫҰ/АҚДИБ) директоры Янеш Ленарчичпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Депутат Қазақстандағы демократия мен адам құқықтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. Бұған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы, адам құқықтарының жай-күйі туралы базалық баяндама, сандық кітапхана және 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары дәлел бола алады, деп атап өтті С.Тұрсынов. Ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне қатысты парламентшілер саяси және демократиялық қайта құрулар, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік құқықтық кеңістікке кіруі, құқықтық қатынастар саласына ықпалдасуы елдегі құқық қорғау жүйесіндегі реформалардың алғышарты болды, деп атап көрсетті.Қазақстан құқық қорғау жүйесін енгізуге қатысты Орталық Азия елдерінің арасындағы көшбасшы болып саналады, деп атап өтті Я.Ленарчич. Дипломат ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметін оң бағалады, Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын және адам құқықтарының жай-күйі туралы базалық баяндаманы, сондай-ақ сандық кітапхана қызметін мақұлдады.