Қазақстан күн энергетикасын дамытуда үлкен әлеуетке ие - Насир Әл Бассам
ТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан күн энергетикасын дамытуда үлкен әлеуетке ие, деп мәлім етті Жаңғыртылатын энергетика жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының Президенті,
профессор Насир Әл Бассам Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.
«Қазақстанның жылдық қуаты 50 мың МВт гелиофотоэлектрикалық жүйені жоспарлап отырғанын немесе салып жатқаны туралы естідім. Бұл көрсеткіш 50 АЭС өндіретін қуат көлеміне тең болады. Атом стансасының қуаты - 1000-1500 МВт. Егер өндіріс тұрақты болатын болса, онда сіздер энергия мен электр қуатына деген өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра алатын боласыздар»,- деді профессор Насир Әл Бассам Kazenergy VI Еуразиялық форумының аясында берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ, Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға тамаша жағдайдың бар екенін айтып өтті.
«Қазақстанның бірнеше басымдығы бар. Біріншіден, сіздер дұрыс жолмен, сарабдал саясатпен келе жатсыздар. Бұл өте маңызды. Қазақстан мұнай, газ және уран кеніштеріне ие. Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін, сіздер осы көздерді пайдалана аласыздар және мұнай, газ және уран қорын келер ұрпаққа сақтап қаласыздар", - деді профессор Насир Әл Бассам берген сұхбатында.