Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүзуден тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Азия
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Тұрлыжан Айтенов

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, шешуші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 

Азия
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Тұрлыжан Айтенов

А тобы:

Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй-алтын

Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м - алтын

София Сподаренко, 50 м баттерфляй - алтын

Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м - күміс 

Азия
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Тұрлыжан Айтенов

В тобы:

Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м - алтын

София Абубакирова, 50 м баттерфляй - алтын

Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй әдісі - алтын

Арсен Қожахметов, 200 м брасс - қола

Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль - қола

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Ал жалпы есепте Жапония құрамасы көш бастады. Олардың еншісінде 36 алтын, 20 күміс, 15 қола медаль бар. 

Азия
Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Тұрлыжан Айтенов

Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстан құрамасының жүзгіштері Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.

Осылайша су спорты түрлерінің жүзу түрінен бәсеке аяқталды. Енді 1 наурыз күні суға секірушілер арасындағы бәсекелер өз мәресіне жететін болады. Су спортының бұл түрінен қазір Қазақстан қоржында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар.

Ал 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтсе, 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері өзара үздіктерді анықтайды.

Соңғы жаңалықтар