Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

велоспорт
Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы жарыс күні ел қоржынына қола медаль түсті.

Атап айтсақ із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.

Олардың уақыт көрсеткіші – 4:03.129 секунд. 

Аталған сында алтын медалді Жапония құрамасы жеңіп алса, күміс жүлдені Қытай елінің спортшылары қанжығасына байлады.

Сондай-ақ спринтте (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) Қазақстан атлеттері 5-сатыға жайғасты.

Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. 

Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар
telegram