Қазақстан құрамасы Азия ойындарында бір алтын жүлдесінен қағылды

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбанваның Жапониядағы өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын жүлдесі жайындағы дауға қатысты нақты шешім қабылданды.

Ясмина Тоқсанбаева
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ұйымдастыру көмитеті жарыстан кейін қарсыластың шағымы бойынша қазақстандық желаяқтың аяқ киіміне тексеру жүргізген.

Қортындысында, Азия ойындары ресми сайтында отандасымыздың нәтижесі жойылды. 

Мәреге екінші болып жеткен қытайлық спортшы Данзэнгуцзун чемпион атанса, оның отандасы Ма Ли күміс жүлдегер болды. Сонымен қатар, жапондық атлет Юкико Уменэ қола медаль еншіледі.

Азия ойындары ұйымдастыру көмитеті және Азия Олимпиадалық кеңесі, сонымен қатар Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы осы жағдай бойынша әлі нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Ясмина бұл шешімге байланысты пікір білдіріп, алдағы уақытта өзін қайта дәлелдейтінін жеткізді.

- Маған қолдау көрсетіп, жанымнан табылғандардың барлығына, сондай-ақ басқа да жандарға шексіз алғысымды білдіремін. Рақмет саған, Қазақстан! Бүгін біз Азияның жаңа рекордын орнаттық; бүгін біз тарих жаздық! Тіпті оны менен тартып алса да, мен қайта оралып, мұны тағы да жасаймын,- деді спортшы.

Осылайша, Қазақстан құрамасы кеше қоржынға түскен тоғызыншы алтын медальдан айырылып қалды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ясмина Тоқсанбаева бүгін әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 41 медаль бар: 9 алтын, 10 күміс және 22 қола.