Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық гимнастика федерациясы Коимбрада (Португалия) өтетін батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысады
Фото: ҰОК

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне 5 спортшы енді. Олар: Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина және Евгения Чернышова. 

Айта кетейік, Португалиядағы әлем кубогы кезеңі 4-5 шілде аралығында өтеді. 

Сондай-ақ маусым айында қазақстандық спортшылар Арозада (Швейцария) өтетін әлем кубогы кезеңінде де өнер көрсетеді.