2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан құрамасы байдарка есуден Азия ойындарының үздік үштігіне кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Қазақстан құрамасы байдарка есуден Азия ойындарының үздік үштігіне кірді
Фото: ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті. Ұлттық құрама төрттік-байдаркамен 500 метрге ескек есуден А финалында бақ сынады. 

Нәтижесінде жерлестеріміз қашықтықты 1 минут 37.005 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы жеңіп алды - 1:33.784.

Күміс медаль Өзбекстанға бұйырды - 1:36.561.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая, Эвелина Костенко өнер көрсетті.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында бүгін екі жекпе-жек өткізеді.