10:25, 29 Шілде 2024 | GMT +5
Қазақстан құрамасы физикадан IPHO 2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлде жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.
- Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Досжан Бисимби — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
- Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері — PhD докторы, SDU University доценті Самат Мақсұтов және SDU University физика пәні мұғалімі Назарали Айтжанов.
«Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз» дейді Оқу-ағарту министрлігінен.