Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 18-20 сәуір аралығында Алматыдағы ADD USTEL TENNIS ORTALYGY кешенінде үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. 

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыста жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына (29-шы рет өтетін) қатысу үшін төрт жолдама (жігіттер арасында — 2, қыздар арасында — 2) сарапқа салынады.

Бұл турнирде Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар: Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Нұрислам Қасым, Данян Ши, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Виктория Мочалкина және Ноила Ханиязова.

Ойындар кестесі (Астана уақыты бойынша):

18 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Иран

Қырғызстан — Өзбекстан

18 сәуір, 14:00 — жігіттер:

Қазақстан — Қырғызстан

Иран — Өзбекстан

19 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Қырғызстан

Иран — Өзбекстан

19 сәуір, 14:00 — жігіттер:

Қазақстан — Иран

Қырғызстан — Өзбекстан

20 сәуір, 10:00 — қыздар:

Қазақстан — Өзбекстан

Иран — Қырғызстан

20 сәуір (қыздар ойыны аяқталғаннан кейін бірден) — жігіттер:

Қазақстан — Өзбекстан

Иран — Қырғызстан

Еске салсақ, бұған дейін Алан Құрманғалиевтің үстел теннисінен Франциядағы турнирдің чемпионы болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар