Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қай орынға ие болғаны анықталды.

Бейбарыс Ерсейіт ауыр атлетикадан жасөспірімдер Азиадасында 1 күміс, 1 қола алды
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Отандастарымыз дүбірлі додада 24 алтын, 29 күміс, 40 қола медаль алды. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. 

Азия ойындарында Қытай (63-49-35) көш басында тұрса,екінші орынға Өзбекстан құрамасы (37-16-28) жайғасты.

Алғашқы ондықта тұрған құрамалар:

1. Қытай - 63-49-35 (147);
2. Өзбекстан - 37-16-28 (81);
3. Қазақстан - 24-29-40 (93);
4. Иран - 22-18-36 (76);
5. Таиланд - 15-15-18 (48);
6. Үндістан - 13-18-17 (48);
7. Гонконг - 13-13-10 (36);
8. БАӘ - 12-9-10 (31);
9. Солтүстік Корея - 8-5-2 (15);
10. Қытайлық Тайбэй - 7-9-24 (40).

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 22-30 қазан аралығында өткізілді.

Еске салсақ, дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медальмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар