Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын Беларус футболшыларымен өткізеді

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның ұлттық құрамасы сәуірдің 1-де кезекті ойынын өткізеді. Біздің команда Алматыдағы Орталық стадионда Беларус құрамасын қабылдайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу турнирі аясындағы бесінші ойыны. Бұған дейін жерлестеріміз 2008 жылғы тамыздың 20-сында Алматыда Андорраны 3:0 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, одан кейін қыркүйектің 6-сында сырт алаңда Хорватиядан 3:0, қыркүйектің 10-ында өз алаңында Украинадан 1:3 есебімен ұтылып қалды, ал қазанның 11-де Лондонда Англияға 5:1 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша 4 ойыннан кейін 3 ұпай жинаған біздің команда өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Айта кетейік, іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Англия, Украина, Хорватия, Беларус және Андорра командаларымен бірге «F» тобында өнер көрсетуде.
Соңғы жаңалықтар