Қазақстан құрамасы Азия чемипонатынан кемінде 9 медаль алуы керек – Даниал Ахметов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов өтіп жатқан Азия чепионатынан Қазақстан құрамасының неше медаль алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы Азия чемипонатынан кемінде 9 медаль алуы керек – Даниал Ахметов

«Біз кемінде 9 медальден үміттеніп отырмыз. Өйткені оған қажетті өте жақсы алғышарттар бар. Біздің ойымызда жеңіске жетуге тиіс спортшылардың атын уақытынан бұрын айту дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл жерде менің ырымшылдығым емес, әдеп мәселесі бар. Нора Джеруто (Қазақстан атынан) қатысады. Ол лайықты нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Өйткені Нора үш жыл қатарынан үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан спортшы», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін Астанада жеңіл атлетикадан оныншы Азия чемипонаты басталады. 12 ақпанға дейін өтетін біріншілікте 31 елдің 360 спортшысы бақ сынайды.

Фото: gov.kz