Қазақстан құрамасы бендиден Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.
Сайттың мәліметінше, біздің құрама үшінші орын үшін өткен кездесуде Финляндияны ұтты - есеп 5:3.
Қазақстан жартылай финалда Швецияға жол берген, есеп - 3:4. Ресей мен Швеция алтынға таласқан додада ресейліктер жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік деңгейдегі бәсекенің қола жүлдесін Қазақстан осымен бесінші рет иеленіп отыр.