Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 4-орынды иеленді

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада өткен бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 4-орынды иеленді

"Жалпыкомандалық есепте 1-орынды Ресей құрамасы, 2-орынды Өзбекстан құрамасы, ал 3-орынды Австралия командасы иеленді. Қазақстан құрамасы 4- орынды місе тұтты. Үздіктер бестігін Англия командасы толықтырып отыр", - деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.