Қазақстан құрамасы ЕУРО-2020-ға бару мүмкіндігінен айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен толықтай айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

І тобындағы командалардың реті жетінші турдан кейін былай: Бельгияда 21 ұпай, Ресейде 18, Кипрде 10, Қазақстанда 7, Шотландияда 6 ұпай, ал Сан-Маринода ұпай жоқ.

Ереже бойынша, әр топтан жоғарғы орындарды алған екі команда құрлық чемпионатының финалдық кезеңіне барады. Қазақстан қазірдің өзінде екінші орындағы Ресейден 11 ұпай артта. Іріктеу кезеңінің қалған үш матчында Қазақстан ең көбі 9 ұпай жинауы мүмкін.

Іріктеу кезеңінің аяғына дейін Қазақстан Бельгиямен (13 қазан), Сан-Мариномен (16 қараша) және Шотландиямен (19 қараша) ойнайды.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар