Қазақстан құрамасы Федерация Кубогы турнирінде Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен күш сынасады
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Федерация Кубогы турнирінде Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен күш сынасады.
Федерация Кубогының Азия/Мухит аумағындағы матчтары Астанада 4-8 ақпан күндері өтеді. Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамаға 7 мемлекеттің құрамалары таласады. Қазақстан Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен кездеспек. Қазақстан намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева қорғайды деп күтілуде. Федерация Кубогы 40 жылдан бері әйелдер теннисіндегі командалық турнирлердің ең негізгілерінің бірі болып табылады.