Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде ТОП-100 ішінде жылды қорытындылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылды Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) рейтингінде 98-орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ал жаңадан түзілген рейтингте көш басын Аргентина құрамасы бастап тұр. Екінші орынға Бразилия құрамасы ие болса, үздік үштікті Германия футболшылары түйіндеді.
ФИФА-ның 22 желтоқсандағы рейтингі:
1 (1). Аргентина - 1 634;
2 (2). Бразилия - 1 544;
3 (3). Германия - 1 433;
4 (4). Чили - 1 404;
5 (5). Бельгия - 1 368;
6 (6). Колумбия - 1 345;
7 (7). Франция - 1 305;
8 (8). Португалия - 1 229;
9 (9). Уругвай - 1 187;
10 (10). Испания - 1 166;
98 (97). Қазақстан - 354.