Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жағдайын жақсартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) ер адамдар құрамалары кезекті рейтингін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейтингте Бельгия құрамасы көш бастап тұрса, Бразилия құрамасы екінші орында, ал Англия футболшылары үшінші орынға көтерілген.
Бұған дейін 124-ші орыннан көрінген Қазақстан құрамасы енді 120-шы сатыға көтерілді.
Еске сала кетсек, осы айда Талғат Байсуфиновтің қарамағындағы ойыншылар 2022 жылғы матч чемпионатына дәрежелеу аясында үш ойын өткізген: солардың бірі Қазақстанда Украина елімен (есеп 2:2), тағы екеуін сыртта, Финляндиямен (0:1) және Босния және Герцеговинамен (2:2) өтті.
ФИФА-ның 2021 жылғы 16 қыркүйектегі рейтингі:
1 (1). Бельгия — 1832
2 (2). Бразилия — 1811
3 (4). Англия — 1755
4 (3). Франция — 1754
5 (5). Италия — 1735
6 (6). Аргентина — 1725
7 (8). Португалия — 1674
8 (7). Испания — 1673
9 (9). Мексика — 1666
10 (11). Дания — 1658
27 (25). Украина — 1520
37 (41). Ресей — 1475
84 (83). Өзбекстан — 1282
89 (88). Армения — 1262
90 (89). Беларусь — 1254
96 (91). Грузия — 12401
98 (101). Қырғызстан — 1230
111 (110). Эстония — 1174
117 (112). Әзербайжан — 1159
118 (116). Тәжікстан — 1158
120 (124). Қазақстан — 1151
130 (130). Түрікменстан — 1117
135 (136). Латвия — 1092
137 (134). Литва — 1082
180 (175). Молдова — 940.