16:23, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінде Олимпиада ойындарында 55 келі салмақта жолдамасыз қалды
АЛМАТЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Финляндияның Хельсинки қаласында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының ақтық іріктеу сындары өтуде.

Онда ел намысын қорғап жатқан грек-рим күресі шеберлері арасында 55 келі салмақтағы Марат Кәрішалов алғашқы белдесуде ұтылып қалды. Ол украиналық Вюгар Рагимовқа 4:6, 0:6 есебімен есе жіберді. Енді соңғы үміт 96 келідегі Алхазур Оздиевте. Бұл сында құрама бапкерлері команда қоржыны бос тұрған салмақтарда әйелдер күресінен Айым Әбілдинаға (55 кг), грек-рим күресінен Марат Кәрішалов (55 кг) пен Алхазур Оздиевке (96 кг) сенім артқан еді.