Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 51 медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Лидо-ди-Езоло (Италия) қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 51 медаль алды

Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпы есепте 9 алтын, 19 күміс және 23 қола медаль иеленді. Олардың ішінде жасөспірімдер құрамасы 4 «алтын, 4 «күміс» және 10 «қола» алса, жастар құрамасы 5 «алтын», 15 «күміс» және 13 «қола» жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының спортшылары фулл-контакт, лоу-кик және К1 секілді үш бөлім бойынша сынға түсті. Бұл чемпионатқа әлемнің 63 елінен 735 спортшы қатысты.



Фото: sports.kz