Қазақстан құрамасы – маунтинбайктан Азия чемпионы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Маутинбайктан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында эстафетада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы – маунтинбайктан Азия чемпионы

Құрлық бәсекесінің алғашқы күні өткен сында Темірлан Мұхамедияров, Денис Сергиенко, Алина Сарқұлова, Алексей Фефелов пен Егор Карасевтан құралған Қазақстан командасы (1:27:30) Жапония (1:29:37) мен Малайзияның (1:33:40) алдын орап кетті.

Айта кетейік, бүгін басталған Азия чемпионаты 23 қазанға дейін созылады. Бұл додаға аттанған Ұлттық құрама велоспортшылары: Темірлан Мұхамедияров, Алина Сарқұлова, Татьяна Генелева, Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алтынбек Аханов – 23 жасқа дейінгі санатта, Никита Галкин, Константин Шинкарук, Константин Казаков, Алексей Фефелов, Виолетта Казакова мен Алина Спирина – жасөспірімдер санатында бақ сынайды.

Бұған дейін маунтинбайктен Қазақстан ұлттық құрамасы 19-23 қазан аралығында Сунчхонда өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін Кореяға аттанғаны хабарланған болатын.