Қазақстан құрамасы ММА бойынша Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатының финалына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы Хвасун (Hwasoon) қаласында ММА аралас жекпе-жектен ІІІ Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 7 салмақ санатында өнер көрсетіп, іріктеу ұрыстарынан ойдағыдай өтті және толық құрамда Азия чемпионатының алтын медальдары үшін финалдық жекпе-жектерге шығады. Бұл туралы Қазақстанның ММА аралас жауынгерліу жекпе-жегі федерациясы хабарлады.

Қазақстан құрамасы ММА бойынша Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатының финалына өтті

Сөйтіп, 7 тамызда құрлықтық біріншілік чемпиондары атағы үшін ҚР-ның ММА бойынша құрамасының мына мүшелері айқасқа шығады:

61,2 келіге дейінгі салмақ санатында - Азамат Марқабаев (Ақтөбе)

65,8 келіге дейінгі салмақ санатында - Исмаил Героев (Қарағанды)

70,3 келіге дейінгі салмақ санатында - Неймат Асадов (Қарағанды)

77,1 келіге дейінгі салмақ санатында - Гойти Дазаев (Ақтөбе)

84 келі салмақ санатында - Бауыржан Қуанышбаев (Қарағанды)

93  келіге дейінгі салмақ санатында - Еркінбек Инжель (Ақтөбе)

+93 келіге дейінгі салмақ санатында - Мохмад Сулиманов (Қарағанды).

Сондай-ақ Азия чемпионаты ауқымында халықаралық "BATTLE OF NOMADS-9" WMMAA PRO ASIA DIVISION кәсіби турнирі өтеді, онда Қазақстан палуандары Корея командасымен айқасқа түседі.

Аса жеңіл 61,2 келі салмақтағы Азия чемпионы және әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Сергей Миороновтың (6-1-0) қарсыласы Lee Youn Jin (1-1-0) болмақ.

65,8 келі жеңіл салмақ санатында «Номаттар ұрысы-9» сайысында жас палуан  Абылайхан Қадіржан (1-0-0) өте тәжірибелі кореялық палуан See Sung In Heig-пен (6-4-2) сайысқа түседі.

Кәсіби ұрыстарда жеңіліп көрмеген екі палуан - әлем чемпионы және Азия чемпионы Шавкат Рахмонов (6-0-0)  пен Park Jun Young (3-0-2) сайысы 80 келілік аралық салмақта өтеді.

Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы 2016 жылғы 16 қаңтардағы №28 мемлекеттік акакредитацияға сәйкес мемлекеттік тізілімде тіркелген спорттың дербес түрі.

Қазақстан ММА федерациясы үш жылдан аз-ақ уақыт ішінде 4 Республика чемпионатын, 2 Қазақстан кубогын, ММА бойынша алғашқы Азия чемпионатын және халықарлық кәсіби «BATTLE OF NOMADS» WMMAA PRO ASIA DIVISION 8 кәсіби турнирін өткізді.

ММА бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте  үш рет күміс жүлдеге ие болды, Азия чемпионаттарында екі жыл қатарынан жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.