Қазақстан құрамасы панкратионнан әлем чемпионатына аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ММА, панкратион және грэпплинг федерациясының спортшылары панкратионнан әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейдің Сочи қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасы панкратионнан әлем чемпионатына аттанды

Әлем чемпионаты қазанның 27-29 күндері «Адлер-Арена» спорт кешенінде барлық жас санатындағы спортшылар арасында өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің 30 елінен 700-ден астам спортшы келеді деп күтуде. 

Федерация президенті Сағындық Мекеевтің басшылығымен әлем  чемпионатына аттанған Қазақстан құрамасы еліміздің барлық өңірлерінің дерлік спортшыларынан жасақталған. Олардың қатарында Дәурен Ермеков, Еркінбек Инжель, Гойти Дазаев, Винс Лев, Жалғасұлы Жұмагелді сынды ММА мен панкратион бойынша әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшылар панкратионнан өтетін кез келген турнирдің басты фавориті саналады. Бұл жолы да  спортшыларымыз бірнеше алтын медаль алуды жоспарлауда.