Қазақстан құрамасы Президент Кубогында екінші мәрте ойсырай жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Кубогы ойындарының екінші күнін Қазақстан құрамасы мен Хабаровскінің «Амур» командасының матчы ашты, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
Алғашқы екі кезеңде қонақтар Игорь Руденковтың күшімен шайбадан бірақ соқты. Қорытынды бөлімде Кудрявцевтің қақпасына тағы да шайба соғылды. Павел Турбин мен Вячеслав Ушенин есепті 4:0-ге жеткізді. Өкінішке орай, қазақстандықтар лайықты жауап қайтара алмады.
Еске салайық, ойыншылардың біраз бөлігі «Барыс» үшін ойнағандықтан, құрама турнирге ықшамдалған құрамда қатысқан еді. Сол себептен команданы Андрей Скабелка емес, Юрий Михайлис басқарды. Турнирдің алғашқы ойынында команда нижнекамстік «Нефтехимиктен» жеңіліс тапты.
19:30-да елордалық мұз айдынына «Барыс» пен Президент Кубогының қазіргі иегері «Нефтехимик» командалары шығатын болады. Екеуі де жақында өз матчтарының жеңімпаздары атанған.