Қазақстан құрамасы Санкт-Петерборда өтетін көркем гимнастикадан әлем кубогының жарысына қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Сәуірдің 4-і мен 5-і аралығында Санкт-Петерборға гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі аясындағы жарыстарға ең күшті әлем құрамалары келеді, олардың ішінде қазақстандық жеңіл атлеттер де бар,

Қазақстан құрамасы Санкт-Петерборда өтетін көркем гимнастикадан әлем кубогының жарысына қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жарысты ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, петерборлықтар мен қала қонақтары Бейжің Олимпиадасына қатысқан командалардың сайысын тамашалай алады. Бұл жарыстар көркем гимнастиканың ережелерінің түбегейлі өзгерістерге ұшырауына байланысты айрықша қызығушылық туғызып отыр. Олимпиада аяқталған бойда спорттың осы түрін бұрынғыдан да күрделене түскен жаңа бағдарлама қабылданған болатын.Петерборға Қытай, Беларус және Мажарстан құрамаларынан басқа, АҚШ, Италия, Израиль, Қазақстан, Өзбекстан және Чехия құрамалары келеді.