Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатында Түркия командасын ұтты

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан әлемдік командалық біріншіліктің алтыншы турында шахматтан Қазақстанның әйелдер командасы Түркия командасын ұтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатында Түркия командасын ұтты

Қазақстандық шахматшылар түріктермен сайыста бірде-бір рет ұтылған жоқ. Гүлісхан Нақбаева мен Динара Сәдуақасова жақсы жеңістерге қол жеткізді. Гүлмира Дәулетова мен Мәдина Дәулетбаева өздерінің ойындарын тең аяқтады - қорытынды есеп 3:1 есебімен біздің қыздардың пайдасында.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан 10,5 ұпайға ие болды.

Шахмат. Әлемдік командалық чемпионат. Әйелдер. Алтыншы тур. Астана (Қазақстан):

Қазақстан - Түркия - 3:1

Гүлісхан Нақбаева - Бетюль Кемре Йылдыз - 1:0;
Гүлмира Дәулетова - Кубра Озтюрк - 0,5:0,5;
Динара Сәдуақасова - Карделен Кемхан - 1:0;
Мәдина Дәулетбаева - Эмель Кайя - 0,5:0,5.