Қазақстан құрамасы шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде шосседегі велоспорттан басталған Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан велоспорт федерациясы мәлім еткеніндей, алдымен Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста топ жарды.

Құрамында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров, Евгений Гидич бар қазақстандықтар 24 км қашықтықты 26 минут, 48.933 секундта бағындырып, чемпион атанды.

Моңғолия спортшылары (+01:05.377) екінші, ирандықтар (+01:57.643) үшінші орынға ие болды.

«Жігіттер біздің спорттық директорымыз Александр Шефердің басшылығымен командалық жарыста өте сәтті өнер көрсеті. Бүкіл құрама жоғары деңгейде болды, нәтижесі – алтын медаль. Құраманы құттықтаймын, алдағы сындарда да сәттілік тілеймін», деді Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, «Astana Qazaqstan Team» бас менеджері Александр Винокуров.

Сонымен қатар Қазақстан әйелдер құрамасы командалық жарыста күміс жүлдені жеңіп алды.

Мұнда ел намысын Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова және Анжела Соловьева қорғады. 24 км қашықтықты 32 минут 24.015 секундта жүріп өткен қыздар алтын алған өзбекстандықтардан 9.104 секундқа қалып қойды.

Үздік үштікті ирандықтар (2 минут, 1.736 секунд) түйіндеді.



Соңғы жаңалықтар