Қазақстан құрамасы су добынан Әлемдік лиганың суперфиналында үздік бестіктің қатарына енді

АЛМАТЫ. 18 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда 12-17 маусым күндері су добынан  ерлер командалары арасында FINA Әлемдік  лигасының суперфиналы өтті.

Қазақстан құрамасы су добынан Әлемдік  лиганың суперфиналында үздік бестіктің қатарына енді

Жеңімпаз ақтық финалда пенальти арқылы анықталды. Негізгі ойында Испаниямен  8:8 (1:2, 3:2, 2:2, 2:2) тең түскен Хорватия спортшылар пенальти кезінде 9:10 есебімен басым түсті. Ал американдықтардан 7:6 (1:1, 2:3, 1:2, 2:1) есебімен басым түскен итальяндықтар қола жүлдегер атанды. Сергей Дроздов жаттықтыратын қазақстандық команда ақтық сында қытайлардан есе қайтарды. Топтық сындағы 3-турда 8:8 (3:2, 2:2, 2:3, 1:1) есебімен тең түсіп, пенальтиде 5:4 боп ұтылған болатын. Ақтық  ақтық сында Азиядағы басты қарсыласынан 7:5 (4:1, 1:1, 2:1, 0:2) есебімен басым түсіп,  құрлықтағы өзінің көшбасшылығын  дәлелдеп шықты. Жалпы Қазақстан құрамасы Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында су добынан ерлер арасында  Азия құрлығынан  қатысқалы отырған жалғыз ел болып отыр.