Қазақстан құрамасы волейболдан әлемдік Гран-приде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы үш сетте әлемдік Гран-придің үшінші тобында алдын ала кезеңнің екінші матчында Алжирдің командасын тізе бүктірді, деп хабарлады Sports.kz ҚР волейбол федерациясына сілтеме жасап.
Вячеслав Шапранның шәкірттері үш партияда да алаң иелерінен басым түсті. Партиялар бойынша қорытынды есеп 25:17, 25:13, 25:5 - қазақстандық қыздардың пайдасында. Қазақстандық команданың құрамындағы ең нәтижелі ойыншылар: Екатерина Жданова (10 ұпай), Радмила Береснева және Людмила Андарбаева (7 ұпайдан).
Қазақстандық волейболшы қыздар осы жолғы әлемдік Гран-приде алғашқы жеңіске қол жеткізіп, үш ұпайға ие болды.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Перуге жол берген болатын. Перуандықтар екінші күні Мексиканы жеңіп, топ бастады.
5 маусымда Қазақстан Мексикамен ойнайды, ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Әлемдік Гран-при Алдын ала кезең, 3-ші топ, Алжир
Перу - Мексика 3:0 (25:16, 25:16, 25:13)
Алжир - Қазақстан 0:3 (17:25, 13:25, 5:25).