Қазақстан құрамасы жастар арасында өткен чемпионатта Швецияға есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар арасында өткен чемпионаттың топтық кезеңінің шешуші матчында Қазақстан құрамасы Швеция өкілдеріне жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бұл матч турнирлік емес болатын, сол себепті скандинавиялықтар ойынға тек 15 ойыншысын ғана қатыстыруды жөн деп тапқан. Ал қазақстандықтардың қақпасын Денис Каратаев күзетті, ол ойын барысында 52 шабуылға төтеп берді.

Соған қарамастан Сергей Старыгиннің тәлімгерлері 4:1 есебімен жеңілді.

Швеция U20 - Қазақстан U20 4:1 (3:0, 0:0, 1:1)
1:0 - Бэмстрём (Бак, Сандин) - 07:10
2:0 - Сандин (Лундестрём) - 12:13
3:0 - Лундквист - 16:49
3:1 - Мұратов Б. (Орехов, Данияр См.) - 49:46
4:1 - Сандин (Густафссон) - 59:21
Қақпашылар: Эрссон - Каратаев

Осылайша еліміздің жастар құрамасы топтық кезеңнің барлық матчтарында жеңіліс тауып, В тобында ең соңғы болып тұр.

Соңғы жаңалықтар