Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита әлемнің үздік голкипері атағына үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан құрамасының және «Қайрат» командасының қақпашысы Игита әлемнің үздік голкипері атағына үмітті болып отыр, деп хабарланды алматылық команданың ресми сайтында.
Қазақстандық қақпашы Еуропаның футзалдан чемпионатын тамаша өткізіп, Қазақстан құрамасы онда «қола» медаль үшін бәсекеде жарыс иесі - Сербия командасын ұтып, үшінші орын иеленді. Игита «Қайратпен» бірге екі рет УЕФА кубогы мен Еременко кубогын еншілеген, көптеген ішкі біріншіліктердің, сондай-ақ әлемдің клуб чемпионатының жүлдегері болды.
Игитадан басқа Futsalplanet атынан тізімге Миодраг Аксентьевич ("Тұлпар", "Тюмень"), Рамос Родольфо ("Бразил Кирин"), Хесус Херерро ("МовистарИнтер"), Густаво ("Динамо"), Хуан Молина ("Аспил Видал"), Николас Сармиенто ("Ривер Плейт", "Пальма Футзал"), Стефано Маммарела ("Асква мен Сапоне"), Мехди Мостафей ("Тасисат Дарайей") және Франциско "Пако Седано" Антолин ("Барселона") кіріп отыр.