Қазақстан құрамасының қоржынында - күміс пен қола медальдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада өтіп жатқан "European Open" жарысында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Жұмаханов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстандық дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының қоржынында - күміс пен қола медальдар

Ал, 60 келі салмақта Ғұмар Қырғызбаев қола медальді қанжығасына байлады.

Естеріңізге салайық, бүгін басталған жарыс 1 наурызға дейін жалғасады. Ертең татамиге 81, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады.