Қазақстан құрамасының үздіктері жағажай волейболынан «Ханом Оупен» азиялық турының жартылай финалында өнер көрсетіп жатыр

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Тайландтағы Нахон Ши Тамаратта IV «Ханом Оупен» («Khanom Open») азиялық турының жартылай финалдық сындары өтіп жатыр. Онда 26 жұптың арасынан Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко («Қазақстан-1) 1-4 орындар үшін жаңа зеландиялықтарлың екінші командасымен, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова («Қазақстан-1») австралиялықтардың бірінші командасымен күш сынасуда.

Қазақстан құрамасының үздіктері  жағажай волейболынан «Ханом Оупен» азиялық турының жартылай финалында өнер көрсетіп жатыр

Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов («Қазақстан-2») 5-7 орындар үшін шри-ланкалықтардың бірінші командасымен кездесуде. Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богату («Қазақстан-2») жұбы болса, топтық сында сүрініп, 11 елден келген 19 жұптың арасында 9-шы орынды қанағат тұтты. Енді өз әріптестерін алғашқы сында 2:0 есебімен ұтқан австралиялықтардан Татьяна мен Иринаның есе қайтаруға мүмкіндігі бар.

Былтыр бұл жарыста қазақстандық жігіттер 1-2 орынды бөліссе, әйелдер арасында «Қазақстан-1» жұбы екінші орыннан көрінген болатын.