Қазақстан күрестен Ресейдегі халықаралық турнирде екі қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Грозный қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.
Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының өкілдері қатысты. Нәтижесінде екі қола медаль жеңіп алды.
Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) және Майис Алиев (70 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетелік Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан 2026 жылғы Азиаданы бастаған еді.