Қазақстан құрлықтық қайраңдағы платформалар қауіпсіздігіне қатысты хаттамаға қосылды - Парламент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Құрлықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Қазақстан құрлықтық қайраңдағы платформалар қауіпсіздігіне қатысты хаттамаға қосылды - Парламент

Аталған хаттама 2005 жылы Лондон қаласында жасалған. Құжат бойынша құрлықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған террористік актілердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастыққа арналған халықаралық құқықтық негіз жасауды көздейді.

Хаттаманы қабылдау халықаралық терроризмге қарсы күресте Қазақстанның шет мемлекеттермен практикалық іс қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның құрлықтық қайраңында орналасқан теңіз кемелерінің және жасанды құрылыстарының қауіпсіздігіне құқықтық кепілдіктерді күшейтуге ықпал етеді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.