Қазақстан құрылыстағы еурокодтарға 4 млрд. теңге жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрылыс саласына еурокодтар енгiзуге 4 млрд. теңге жұмсады. Бұл туралы бүгiн құрылыс саласының Бiрiншi Еуразиялық конгресiнде ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлiм еттi.

Қазақстан құрылыстағы еурокодтарға 4 млрд. теңге жұмсады

«Бiздiң ақпараттар бойынша, Қазақстан құрылыс саласына еурокодтар енгiзуге 4 млрд. теңге жұмсады. Бұрынғы ҚР Өңiрлiк даму министрi Болат Жәмiшевтiң атап өткенiндей, Қазақстан нормативтiк-құқықтық база бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен еурокодтарға көшедi», - дейдi Р.Ошақбаев.

Оның айтуынша, нормативтiк стандарттар құрылыстың сапасын едәуiр арттыруға сеп бермек.

«Бiз ғимараттардың сапасын құптаймыз, құрылыстағы нормативтердiң енгiзiлуiн қалаймыз. Кеден одағы бойынша әрiптестерiмiз ұсынған нормативтiк стандарттар Еуразиялық экономикалық комиссиямен қадағаланады. Бiрақ бұл қадағалау бiздiң ұлттық қадағалаудан бiрнеше есе сапасыз болады. Бiз оның Үкiметпен немесе Ұлттық экономика министрлiгiмен қадағаланғанын сұрар едiк, себебi бiз олармен етене жұмыс жасап келемiз», - дейдi ол.