Қазақстан құтқарушылары 6 мың адамды аман алып қалды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Біз он айдың ішінде 6 мыңға жуық адамды құтқардық. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен болған кездесуде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Қазақстан құтқарушылары 6 мың адамды аман алып қалды

Оның хабарлауынша, ағымдағы жылғы он айдың ішінде төтенше жағдайлар қызметі 47 мың апаттық-құтқару жұмыстарына қатысты. Соның барысында 5857 мың адам құтқарылды. «Міне, осының нәтижесінде өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, биыл төтенше жағдайлардың саны 17,3 пайызға азайып, адам өлімі 12 пайызға қысқарды», - дейді В.Божко.

Министр атап көрсеткендей, бүгінде республика бойынша құтқарушылар бір тәуліктің ішінде 100-240 рет сан алуан төтенше жағдайларға шығып тұрады.