Қазақстан қылмыстық атқару жүйесін реформалауда өңірлік көшбасшыға айналды - «Халықаралық түрме реформасының» атқарушы директоры

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қылмыстық атқару жүйесін реформалауда өңірлік көшбасшыға айналды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жаңа қылмыстық-атқару заңнамасын қалыптастыру: үрдістер мен талаптар» атты аймақтық конференцияда «Халықаралық түрме реформасының» атқарушы директоры Элисон Ханна мәлім етті.
None
None

«Біз Қазақстанда қылмыстық сот әділдігі мен пенитенцинарлық жүйе бойынша көптеген өте жақсы қадамдар жасалды деп санаймыз. Мәселен, Қазақстан Азаптауларға қарсы конвенцияның факультативті қосымшасын ратификациялады. Бұл елдің түрмеде ұстау жағдайын жақсартуға бағытталған оң ұстанымын көрсетеді»,- деді ол. Оның атап өтуінше, Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында тәуелсіз қоғамдық бақылауды жақсартуға бағытталған келесі қадамды қолға алмақ. Заңнамалық тұрғыда бұл жоспарларды жүзеге асыру елемізде аталған саланы халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибеге сәйкестендіреді. «Қазақстан өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесін реформалау саласындағы көшбасшы болып табылады. Көптеген елдерде түрме халқы рақымшылық жасау арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен рақымшылық жасау мәселенің ұзақмерзімді шешімі емес», - деді Э.Ханна.

Соңғы жаңалықтар