Қазақстан Қырғыз еліне екі мектеп салып беретін болады - Сенат

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімді және Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңы қабылданды.
None
None

Аталған хаттамаға 2013 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында қол қойылған. Заң жобасының мақсаты Ош облысында мың орындық мектеп салу және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру болып табылады. Хаттамамен осы келісімге мектептің санын екіге дейін көбейту бөлігіне өзгеріс енгізіліп отыр. Атап айтқанда, Бішкек қаласында 500 орындық және Ош қаласында 500 орындық мектеп салу және маңайындағы аумақты абаттандыру көзделіп отыр. Бұл ретте Қырғыз тарапы нысандарды салу үшін Бішкек қаласында 2, 49 гектар көлемінде және Ош қаласында 2,5 гектар көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынатын болады. Мектептерді салу «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін, жалпы мөлшері 1 млрд. 200 млн. 800 мың теңге қаражат есебінен жүзеге асатын болады.

Жалпы, Парламент қабылдаған Заңның мақсаты екі мемлекеттің тату көршілік және достық байланыстарын нығайтуды қарастыратын көрсетілген құжаттарды ратификациялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасына қолдау көрсетуі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар