Қазақстан-қырғыз шекарасынан 15 келіден астам героин өткізбек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-қырғыз шекарасында 15 келіден астам героин алып өтпек болған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Айша бибі» өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 30 жастағы қырғыз азаматының «Опель-Зафира» көлігін қызметтік иттің көмегімен тексеру барысында15 келіден астам героин табылды.